«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясын өткізу тұжырымдамасы

Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Акцияны өткізудің орны және кезеңі: республиканың өңірлерінде, 2019 жылғы 12 тамыздан бастап 10 қазанға дейін.

Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың,  ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері  және т.б.

Акцияның мазмұны және форматы:

Ұраны - «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін».

Республикалық акция балаларға, ата-аналарға және қоғамға қауіпсіз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелері туралы ескертпе болуы тиіс.

Акцияны кезең-кезеңімен өткізу ұсынылады, кезеңдердің әрқайсысы арнайы іс-шараларды өткізуді көздейді.

  1. Мектептік тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін зерделеу

автокөліктің техникалық жай-күйін, тахографтардың бар болуы және жарамдылығы туралы мәліметтер, балаларды білім беру мекемелеріне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін, жүргізушілердің құрамын (тиісті санаттарының болуына, жүргізушінің өтілі, жолда тәртіп сақтау әдеттері) тексеру, қозғалыс схемасының бар болуы;

балаларды мектепке тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктердің  техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру;

мектепке кірме жолдарының қауіпсіздігі (аумақты жарықтандыру, «Балалар» белгісінің бар болуы, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерді, «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісін және т.б. құру);

балаларды тасымалдайтын көлік құралдарында (автобустарда) арнайы жарық (жарық түсіргіш шамшырақшалар) және дыбыс сигналдарының бар болуы;

мектепке кірме жолдарында, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің маңында қолданыстағы бейнебақылау камераларының бар болуы;

жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобустарының жүргізушілерімен нұсқамалар жүргізу, сондай-ақ балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезінде мектеп автобустары жүргізушілерінің міндетті түрде апаттық дабыл қағуды қолдану;

  1. Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

- жол қозғалысы ережелері туралы парақшалар мен брошюралардың таратумен жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтары;

- бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшін «Жарқын бол!» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу. Қозғалыстың жас инспекторларының оқушыларға жарық шағылыстыратын білезіктерді тапсырумен жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы театрландырылған концерт көрсетеді ұйымдастыруы.

- люминесцентті бояуларды (қараңғыда жарықтандыратын) пайдалана отырып суреттер байқауын өткізу;

- кинотеатрларда, қоғамдық көлік салондарында жол қозғалысы ережелері туралы әлеуметтік роликтерді көрсету;

- жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелерін орындау мәселелері бойынша аймақ тұрғындары арасында сауалнама жүргізу, мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы білім беретін мектептерде сабақтар, дәрістер, ата-аналар жиналыстарын өткізу;

- жол қозғалысының қатысушыларын жолда сақ болуға шақыру бойынша флешмобтар өткізу. Аталған іс-шараны Балалар қоғамдық бірлестіктерінің, үкіметтк емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, орталық көшелерде, алаңдарда өткізу ұсынылады. 

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 18.11.2020 13:01
Құрылған күні: 15.02.2020 20:41

Текст