«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздық еткен жалықпас....

01.02.2021

Мен, Мухамеджанова Гаухар Барамбаевна Айдабол орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі өз эссемді сіздерге ұсынамын.

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осы бір киелі мамандыққа кішкентай кезімнен ынтық болдым, әрқашан өзімнің білікті, ақылды, алғыр, жетістікке жеткен ұстаз болатынымды армандайтынмын. Сол арман жолында,  Жылымды негізгі мектебін қызыл аттестатпен аяқтап, Көкшетау қаласы, Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжіне ағылшын тілі мұғалімі мамандығына грантқа оқуға түстім. Колледж қабырғасында да, белсенді, алғыр студенттердің бірі болдым. 2015 жылы оқуды тәмамдап, Зеренді ауданы, Айдабол орта мектебіне жас маман ретінде ағылшын тілі мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Өзін - өзі жетілдірудегі менің мәселем шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың емін - еркін сөйлеу дағдыларын дамыту. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру үшін шығармашылық тапсырмаларды көптеп қолданамын. Қыркүйек айында тілдер мерекесіне арналған іс-шарада ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс - шараларға қатыстым.

Мектеп директоры және тарих пәні мұғалімі Байконурова Б.А.-мен аудандық дәрежеде өткен "Оқу үрдісіне критериалды бағалау енгізу" атты семинарда тарих пәнімен ағылшын тіліннен Қазақстандағы 20-30 жылдардағы білім беру жүйесі тақырыбына қосылып кіріктірілген сабақ өткіздік.

Кіріктірілген сабақтар оқушымен мұғалімге өзіндік септігін тигізеді. Көптілділік білім беру жеке тұлғаның үш тілді үйренуге және тілді білуін жетілдіруге негіз болып табылады. Үш тілді білім беру ортасын қалыптастыру және негізгі құндылықтар мен педагогикалық қағидаларды енгізу арқылы оқытудың заманауи үрдісін нығайтып, топтық оқыту әдістемесі арқылы жүзеге асырудамыз. Семинарды қорытындылай келе қатысушылар әр сабақты кез келген сабақты мақсатты нақ қоя кіріктіруге болатынына көздері жетті.

Өз білімін көтеру негізінде – оқу–тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет атқару үшін мұғалім бірінші кезекте өзінің әдістемелік, саяси-экономикалық, экологиялық, психологиялық, дидактикалық  білімін ұдайы толықтырып үздіксіз іздену үстінде өз мамандығы бойынша білімін жетілдіріп отыруы керек.

Ауданның әдістемелік бөліміне "12жылдық білім беру жүйесінде кездесетін кейбір сөздердің қысқаша түсіндірме сөздігі" атты кітапша шығардым. Мәселем бойынша мұғалімге арналған әдістемелік кітап шығардым. "Ағылшын тілінде емін- еркін сөйлеуді шығармашылық тапсырмалар арқылы үйрету".

Сонғы әдістемелік көмек құралымда шығармашылық тапсырмалардың түрлерімен олардың қолдану аясы туралы көптеп жазылған.

Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбір кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы. Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсыновтың «Мектеп жаны мұғалім» деген қанатты сөзінің мағынасы бүгінгі күн талабын күшейтіп отыр."Ақадыр ОМ" КММ өткен семинарға қатысып, 1 сыныптың жаңартылған бағдарламасы бойынша оқушыларға тапсырмалар дайындау тақырыбына постер жасап сөз сөйледім. Тамыз айында өткен ұстаздар конференциясында "Оқыту мазмұнын жаңарту жағдайында ағылшын тілін оқыту" атты баяндама бойынша дайындалып, өз тәжірибеммен бөлістім.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қараша, наурыз айларында семинар-тренингтеріне қатысып, шілде айында Астана қаласына ЭКСПО көрмесіне бір жарым айға аттандық. Бұл көрме менің өз - өзімді жетілдіруіме көп септігін тигізді.Өзімнің тілдік деңгейімді көтеруге және адамдармен қарым - қатынас жасауға үлкен мүмкіндік болды. Осы жетістіктерім ескеріліп, Көкшетау қаласының әкімінің орынбасары А.Мусралимовадан алғыс хат алдым. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. "Жаңартылған білім беру бойынша мұғалімнің біліктілігін арттыру" курстарын өтіп, тағы да өзімнің білімімді жетілдірдім. Осы курстардан көп пайдалы мәліметтер алып, қазіргі таңда сабақтарымда қолданамын. Курс соңында тест тапсырып, сертификатпен марапатталдым.

    Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" демекші, аудандық "Тіл дарын" сайысына қатысып,  І орынға ие болдым, одан кейін облыстық сайысқа қатысып, сертификат пен сыйлық алдым. Қараша айының аяғында Зеренді ауданы жастарының VI форумына қатысып, сұхбат беріп, сыйлыққа ие болдым.

    Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру. Демек сапалы, тиімді, нәтижелі ізденіс ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы болса керек. Оқу тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта мұғалімнің әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін оқушылардың мүмкіндіктеріне және жағдайларына қарай таңдап алуы да ізденістен жүзеге асатын шара болмақ.

"Бұлақ көрсең көзін аш" демекші соңғы сұхбатымда аудан әкімі Мереке Қайсарұлы Мұстафиннің алғыс хатымен марапатталдым.

Қазақстан Республикасы педагогтары қауымдастығымен ұйымдастырылған "Білім беру ісінің үздігі 2018" республикалық байқауына қатысып, "Үздік жас педагог" төсбелгісімен және дипломмен марапатталдым.

"Педагогикалық дебют" облыстық байқауында "Жаңашыл мұғалім" номинациясын жеңіп алдым.

Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру үшін факультатив жұмыстарын жүргіземін. 5-10 "А" сыныптарымен бірлесе "Snow White and the 7 drawfs" ертегісін ағылшын тілінде қойдық. Мельпомена - 2018 байқауына қатысып ІІ орынға ие болдық. Бұл оқушылардың ағылшын тілінде емін - еркін сөйлеуге бейімделіп келе жатқанның яғни мәселем бойынша жұмыс жасап жатқанымның көрсеткіші деп ойлаймын.

Қашықтық ұлттық олимпиадаға қатысып, Демесін Гүлім ІІ дәрежелі диплом, Хуанған Қайсар ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Тағы 2 оқушыға сертификат берілді. Жетекшісі ретінде маған алғыс хат берілді.

"Менің шағын Отаным" атты облыстық байқауға оқушым Тасбулатова Жанна қатысып, сертификатқа ие болды. Қорыта келгенде, оқушыларымды және өз-өзімді жетілдіру үшін барлық атап айтсам, саяси, әлемдік жаңалықтарды оқуға тырысамын. Әр өткізгем іс - шараларымды, семинарларды газет бетіне шығаруға, мектептің сайтына салуға, әртүрлі онлайн сайттарға жариялауға тырысамын. Өзімде білімімді ұштау үшін онлайн семинарлар мен сайыстарға қатысып, сертификаттар алып жүрмін.

Оқушыларым Жоямергенова Дарина Ж.Мусин атындағы қазақ пелагогикалық колледжіне ағылшын тілі мамандығына оқуға түсті, ал Тасбулатова Жанна Көкшетау қаласы Дарын мектебінде өте жақсы көрсеткіштерімен оқып жатыр.

Оқушыларды Отанды сүюге, адамдыққа, адалдыққа ізгілікке баулу ұрпақ тәрбиешілерінің  абыройлы парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білімін беру ісінде рухани, парасатты шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс.

Осы 5  жыл ішінде айтарлықтай шеберлігімді жетілдіріп, педагогикалық, шығармашылық тұрғыдан жетілдім деп айта аламын. 

 

 

 

 

Просмотров: 275

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст