4 "Б" сыныбында сынып жетекшісі Мұқажанова Айнаш Махсутқызының басшылығымен өткен ата-аналар жиналысында келесі мәселелер талқыланды:
1-тоқсан қорытындылары – оқушылардың оқу үлгерімі, жетістіктері мен табыстары қарастырылды.
2-тоқсандағы оқу процесін ұйымдастыру – сынып жетекшісі алдағы тоқсанның жоспарын таныстырып, маңызды күндер мен іс-шаралар туралы айтты.
3. Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу – мерекелік іс-шаралардың форматы, балалардың қатысуы және ата-аналардың көмегі талқыланды.
4. Балалардың қауіпсіздігі – күз мезгілінде суда және қыста мұз үстінде болатын оқыс оқиғалардың алдын алу шаралары қарастырылды.
5. Ата-аналардың сұрақтарына жауап беру – ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, балалардың оқуы мен тәрбиесіне қатысты маңызды тақырыптарды талқылады.