«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

  Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025-жұмысшы мамандықтар жылы

20.06.2025

Президент 2025 жылды Жұмысшы кәсіптер жылы деп жариялады

Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы кәсіби білім беру жүйесін реформалаудың маңыздылығын атап өтті.

Оның айтуынша, бұл реформа экономиканың өсуі мен оның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды.

"2025 жылды Жұмысшы кәсіптер жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау қажет. Жұмысшы кәсіптер жылы қоғамымызда еңбекқорлық пен кәсібилік идеясын насихаттауға да ықпал етеді", – деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбекпен табысқа жеткен азаматтар әрқашан құрметке ие болуы тиіс екенін айтты.

"Бұл біздің «Жауапты азамат – Адал еңбек – Құрметті табыс» қағидатымызға толықтай сәйкес келеді. Қоғамымызда еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтары әрдайым бірінші орында тұруы керек. Өз ісінің шеберлері арқылы ұлттың жаңа сапасы қалыптасады. Сондықтан біз адам еңбегінің мәртебесін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауды жалғастырамыз", – деді Тоқаев.

Просмотров: 14

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст