«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

  Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қаралы хабар

13.06.2026 Терең қайғы мен орны толмас өкінішпен ардақты ұстазымыз, қадірлі Светлана Викторовна Слепцованың өмірден өткенін хабарлаймыз. Бұл – мектебіміз, оқушыларымыз, түлектеріміз және әріптестеріміз үшін орны толмас ауыр қаза. Светлана Викторовна жай ғана ұлағатты ұстаз емес, ол нағыз Тәлімгер, әр балаға жүрек жылуын сыйлай білген, дана да мейірімді, өз ісіне шексіз берілген жан еді. Оның мейірімділігі, жан жылуы, ерекше әзілқойлығы және әрбір оқушының жүрегіне жол таба білетін ғажайып қасиеті біздің жадымызда мәңгі сақталады. Ол тек өз пәнін ғана үйреткен жоқ, өмірді сүюді, адалдық пен адамгершілікті де үйретті. Светлана Викторовнаны қадір тұтқан туған-туыстары мен жақындарына, барша әріптестері мен шәкірттеріне қайғыра көңіл айтамыз. Қайғыларыңызға ортақпыз. Ардақты Ұстазымыздың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады. Жаны жәннатта, топырағы торқа болсын. Мәңгілік жадымызда.
Просмотров: 205


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст