Сіз керемет мерейтойыңызбен — 70 жылдығыңызбен!
19.10.2026
Құрметті Гүлбаршын Ехсанқызы!
Сізді 70 жасқа толған мерейлі мерей тойыңызбен Айдабол ауылының жалпы білім беретін мектебінің ұжымы шын жүректен құттықтайды!
Жетпіс жас — өмірдің асқар белесі, мол тәжірибе мен парасаттылықтың, даналық пен өнегелі ғұмырдың айшықты көрінісі.
Осы айтулы мерекеде Сізге ең алдымен зор денсаулық, жан тыныштығын, отбасылық амандық пен ұзақ ғұмыр тілейміз! Әр күніңіз қуанышқа, жүрегіңіз шаттыққа толсын. Жақындарыңыздың мейірімі мен қамқорлығына бөленіп, бала-шағаңыз бен немере-шөберелеріңіздің қызығын көріңіз. Шаңырағыңыздан шаттық пен береке кетпей, дастарқаныңыз молшылыққа толсын. Әрдайым айналаңыздың құрметіне бөленіп, жақсылық пен ізгіліктің ортасында жүре беріңіз!
Мерейтойыңыз құтты болсын, құрметті Гүлбаршын Ехсанқызы! 🌹🌹🌹