Акция 2019 жылдың 10 қаңтарынан 10 ақпанына дейін созылды.
"Қамқорлық" акциясы " Менің таңдауым-балаларға көмек!».
Акцияның басты мақсаты: әлеуметтік қорғалмаған топтағы балаларға және аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету.
Қаңтар айында қысқы каникул кезінде мектеп мұғалімдері оқумен қамтылған оқушылардың тізімін анықтау мақсатында аулаларды аралап шықты. Қазіргі уақытта оқумен қамтылмаған балалар анықталған жоқ. Мектептің медициналық қызметкері, әлеуметтік педагог сынып жетекшілерімен бірге көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік - тұрмыстық және материалдық жағдайларын тексеру бойынша рейдтер өткізді.
"Қамқорлық" акциясы барысында біздің мектептің мұғалімдері, сынып жетекшілері аз қамтылған отбасы балаларына кеңсе тауарларын, азық-түлік (нан, ұн, қант), жуғыш заттарды (кір жуатын ұнтақ, иіс сабын, сусабын) сатып алып, материалдық көмек көрсетті. Сонымен қатар, ата-аналар белсене қатысты. Сынып жетекшілері "мейірімділік", "көмек қолын соз", "қайырымдылық" және т.б. сынып сағаттарын өткізді.