«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2018-2019 оқу жылының 1-12 ақпан аралығында өткізілген «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндіктің қорытынды есебі

13.02.2019

  Біз XXI-ші ғасырда, адам санасының шарықтап дамыған уақытында өмір сүру мүмкіндігін алып отырмыз. Бұл бізден осы заманның сұранысы мен  талабына сай білімді, рухани байлықты қажет етеді. Баланың жеке тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын және сырлы әлемге толы дүние екендігін баршаға таныту мақсатында  2019 жылы 1 ақпанда Айдабол орта мектебінде «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жалпы мектептік салтанатты ашылу жиыны өткізіліп, онкүндік бойынша іс-шараның жоспарымен таныстырылды. Мектеп директоры Б.А.Байконурова  сөз сөйлеп, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға, адамгершілікке, достық, татулық, мейірімділікке шақыра отырып, онкүндіктің жақсы деңгейде өтуіне сәттілік тіледі. 10-шы және 8-ші сынып оқушылары  шағын концерт дайындап, оқушыларға арнап бағдарламаның негізін қалаушы Сара Назарбаева туралы бейнебаян тамашаланды.

Дәстүрлі онкүндікті ұстаздар, оқушылар үлкен қуанышпен қарсы алды.

Онкүндіктің мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен  өзара түсіністікке баулу, мейірімділік пен  адамзатқа деген сүйіспеншілікті  қалыптастыру.

       4 ақпанда «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, онда мектеп кітапханашысы Ерденова  Айнұр Оралбекқызының ұйымдастырылуымен өзін-өзі тану туралы мағлұмат алатын «Самопознание kz», «Өзін-өзі тану»   журналдарының топтамасы «Мен АДАММЫН», «Тағылым», «Қазақтардың дүниетанымы» С.Назарбаеваның еңбектері т.б өзін-өзі тану негізінде, баланың  адамгершілік – рухани әлеуетін көтеру мақсатында ақпарат көздерімен  толықтырылды.

    5 ақпан күні оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу бағытында ««Әлем мейірімділік пен сұлулыққа толы»   тақырыбымен  балалардың шығармашылық сурет көрмесі ұйымдастырылып,өткізілді. Оған балалардың Отан, достық, қайырымдылық, отбасы, табиғат тақырыптарына  салынған  суреттері жинақталды.Байқау барысында оқушылардың белсенділік танытып, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттырды. 2-6 сынып оқушылар аралығында «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында өлеңдер сайысы ұйымдастырылды.Сайысқа қатысқан оқушылар оқулықта берілген авторлардың өлеңдерін жатқа айтты. Оқушы шығармашылығын жариялау мақсатында 8-10 сынып оқушылар аралығында эссе байқауы ұйымдастырылды. «Рахмет, Анашым!» , «Достық», «Мейірімділік» «Отан» туралы жазған  эсселері жинақталды.   11 ақпан күні  мектеп әлуметтік   психологы Литвиненко А.Е мен тәлімгер Озиева А.А.  «Жүректен жүрекке» қайырымдылық  акциясын  ұйымдастырды. «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық қамқорлық акциясының негізгі мақсаты: жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту, мақсатында әлеуметтік жағынан ата – анасының қамқорынсыз қалған, күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету . Онкүндік аясында 2-11 сыныптар аралығында «Мейірімділік –асыл қасиет», «Өнеге-отбасынан», «Кәусар бұлақ тұнығынан», «Қызығы толы бұл әлем» тақырыбында  танымдық сабақтар, ашық сабақтар өткізілді. 12 ақпан күні «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің қорытынды шарасы ретінде «Өзін- өзі тану» пәнінің негізгі авторы, «Бөбек» қорының негізін қалаушы Қазақстанның бірінші ханымы, мейірім мен ізгіліктің символы, ел анасы Сара Алпысқызы Назарбаеваның   12 ақпан туған күніне орай «Жүрекке жол тапқан - мейірімді ана Сара Алпысқызы!» атты концерттік  бағдарлама  ұйымдастырылды.

Мектеп директоры  Б.А. Байконурова  құттықтау сөз сөйлей отырып,онкүндікті қортындылап, жоспарға сай өткен шараларда белсенділікпен қатынасып, өз шығармашылықтарымен танылған оқушыларды грамотамен марапаттады.

«Өзін-өзі тану: Махаббат  пен  Шығармашылық  педагогикасы» өскелең ұрпаққа берген білімімізбен тәрбиеміз, келешекте еліміздің өркендеп өсуі мен дамуына ықпал жасасын. Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады.

 

 

      

      

 

 

 

Просмотров: 564


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст