«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

3 тоқсан бойынша тәрбие жұмысының сараптамалық есебі

27.03.2019

 Мақсаты; өзіндік –бағытталған білім алу, олардың рефлестік талдау құрамы негізінде мектеп тәрбие функцияларына сараптама жасау.

Мектептің педагогикалық ұжымы алдарына осындай тәрбие мақсаттар қойылды.

     *    Мектептегі тәрбиелеу ортасын анықтау.

  • Оқу- тәрбие үрдісінде жекелей- бағдарлы технологиясын қолдану.
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  • Мектеп мүліктеріне ұқыптылықпен қарауға, үлкендерді сыйлауға, табиғат байлықтарын үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
  • Өз Отанына деген сүйіспеншілік пен оған деген құрметті қалыптастыру.

Айдабол орта мектебінде тәрбие жұмыстары осы бағыттар бойынша жүргізіледі.

  • Рухани адамгершілік мәдениетін қалыптастыру.
  • Танымдық, ұлтжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу.
  • Эстетикалық тәрбие және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Салауаттты өмір салты.
  • Еңбекке баулу.
  • Ата-аналармен жұмыс.

3 тоқсанда мектебімізде кәсіби бағдарлау айлығы жүріп өтті. Нақты жұмыс жоспары құрылды. Келесі шаралар өткізілді: бастауыш сыныптарда ата-аналарының мамандықтары туралы сынып сағаттары, 9-11 сыныптарда студенттермен, әр түрлі мамандық салаларының жұмыскерлерімен кездесулер .  Айлық « 10 жылдан кейінгі» түлектердің кездесу кешімен аяқталды. Бұл шараны 10 «а» және 10 «б» сынып оқушылары ұйымдастырып өткізді.  Тоқсан барысында «қауіп» тобындағы балалармен психолог, әлеуметтік педагог жеке жұмыс жасады, сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстары өткізілді.

8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай сынып сағаттары өткізілді, Наурыз мейрамы аталып өтті.

Балалардың рухани құндылықтарын дамытуға септігін тигізетін өзін-өзі тану онкүндігі болып өтті. Онкүндік барысында түрлі шаралар ұйымдастырылып өзін-өзі тану пәні бойынша сынып сағаттары жүргізілді.

Үйірме жұмыстары мектептегі тәрбие жұмысының маңызды бөлшегі болып табылады. Ол балалардың шығармашылығын дамытуға жағдай жасайды.

Мектепте ағылшын тілі, сурет салу, шахмат, қолөнер үйірмелері жұмыс жасайды.

Сурет салу үйірмесін Бехтгольд М.А. жүргізеді. Оған 1-8 сынып оқушылары қатысады. Үйірме барысында олар қарандашпен, бояулармен сурет салуды үйренеді, түрлі сурет көрмелерін ұйымдастырады.

Сонымен қатар мектебімізде  спорт секциялары жұмыс жасайды. Атап айтатын болсақ үстел теннисі, воллейбол, шаңғы жарысы, қазақша күрес. Секцияларға 1-7,8-10 сынып оқушылар қатысады. Олар аудандық, облыстық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Сонымен қатар оқушылар тренер Нихоенко В.А. бастауымен өтетеін шаңғы жарысы үйірмесіне қатысады. Оқушылар шаңғымен сырғанауды үйренеді, шаңғы жарыстарына қатысады.

Тәрбие жұмысының сараптамалық қорытындысын шығара отырып мынадай мәселелерге назар аударуымыз керек екендігін анықтадық.  Сынып жетекшілері жұмысының сапасын жақсарту керек. Ол үшін ең алдымен  сынып жетекшілеріне сыныпта қолайлы жағдай туғызуы керек, ұйымшылдыққа жетелеулері керек.  Оқушылардың тәрбиесіне баса аназар аударулары керек. Ата-аналарға педагогикалық кеңес берулеру керек.

 

Просмотров: 799


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст