Текст
Мамырдың 18-і күні Айдабол орта мектебінде 4 «А» сынып жетекшісі Мукушева А.О. «Қош бол, бастауышым-балбұлағым!» атты мерекелік кеш өткізді. Мерекеге 4 «А» сыныптың түлектері мен ата-аналары қатысты. Бұл салтанатқа оқушылар өз дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетіп шықты. Ән де айтты, би де биледі, күй де тартты, ата-аналар ойынға да белсене қатысты. Мерекелік кеш соңында мектеп директоры Б.А. Байконурова оқушыларға жылы лебізін білдіріп, мақтау қағазбен марапаттады. Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Қ. Есхожина оқушыларды және ата-аналарды құттықтап, ата-аналарға алғыс хат табыстады.