Мектеп жанындағы учаске биология, экология бойынша білімді кеңейту және тереңдету үшін ұйымдастырылады: мәдени өсімдіктерді өсіру бойынша білім мен іскерлікті алу; оқушылардың табиғатқа ұқыпты қарау қасиеттерін, еңбекке деген шығармашылық қарым-қатынасын тәрбиелеу. Осы учаскеде 5-8 сынып оқушылары жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы өзіне қажетті жұмысты орындайды.
Мектеп жанындағы учаскедегі жұмыс барысында оқушылардың ұйымдастырушылық және ұжымдық дағдылары, еңбек мәдениеті және эстетикалық сезімдері тәрбиеленеді. Берілген кестеге сәйкес жұмыс белсенді жалғасуда. Әрбір топ келесі жұмыс түрлерін орындайды:
1. Гүлбақтарды, көкөністерді суару.
2. Дәліздерде және кабинеттерде бөлме гүлдерін суару.
3. Картоп өрісін, гүлзарларды, бақша дақылдарын отау.
4. Картоп өрісін түптеу.
5. Мектеп аумағын арамшөптен және қоқыстан тазарту.
6. Бөлмелік гүлдерді күту (суару, қопсыту).
Барлық іс-шаралар қажеттілігіне және ауа райы жағдайларына қарай өткізіледі.