Шуақты қыркүйек айының алғашқы Білім күні Айдабол орта мектебінде салтанатты жиналыс сағат 11:00 басталды. Алдымен еліміздің Әнұраны орындалып, биыл мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер мен 1 « А» сыныбының жетекшісі- Мукушева А.О., 1 « Б» сыныбының жетекшісі- Олжабаева К.Б. ортаға шықты.
«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ!» атты салтанатты мерекені ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Байконурова Батима Амангельдиевнаға. берілді. Оқушылар дайындап келген тақпақтарын жатқа айтып, әннен шашу шашты. Мерекеге арнайы шақырылған ауыл әкімі Водовозов Н.Н. жиналғандарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің әдіскері Дүйсекенова Б.Б. жылы лебізін жеткізе отырып ардагер ұстаз- Пішенбай Мағжанұлын алғыс хатпен құттықтап өтті. Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын 11 «А» сыныбының оқушысы Достанбекова Дариға мен 11 «Б» сыныбы Щукарев Евгений және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушылар 1«А» сыныбы Марат Амира мен 1«Б»сыныбы Кожевников Владимир шақырылды. Бүлдіршіндер алғашқы ұстаздарымен және ата-аналарымен бірге алғашқы сабақтарына қатысты.