«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектепке жол" акциясы бойынша ақпарат. "Мектепке жол" акциясы биылғы жылы " Жүректен жүрекке!" ұранымен өтті

25.09.2019

Акция 2019 жылдың 1 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейін созылды.

Акцияның басты мақсаты: аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан оқушыларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға оқу жылының басында дайындалуға көмек көрсету. Жазғы демалыс кезінде мектеп мұғалімдері оқумен қамтылған оқушылардың тізімін анықтау мақсатында аулаларды аралап шықты. Қазіргі уақытта оқумен қамтылмаған балалар анықталған жоқ.  Әлеуметтік педагог және сынып жетекшілері көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік - тұрмыстық және материалдық жағдайларын анықтау бойынша рейдтер өткізді. Көп балалы және аз қамтылған отбасылары - Жолтобаровтар, Шевчиктер, Рамазановтар, Озиевтер, Устюленовтер. Бұл акцияға жеке кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары тартылды. "Айдабол спірт зауыты" АҚ - нан аз қамтылған отбасыларға Ю. Н. Шевчик пен К. Ж. Устюленоваға демеушілік көмек көрсетілді. Жеке кәсіпкер Л. Т. Бугаева көп балалы отбасынан шыққан балаларға кеңсе құралдары (дәптерлер, қаламдар, қарындаштар, акварель және т.б) түрінде демеушілік көмек көрсетті. Жеке кәсіпкер М. Ж. Хамзина көп балалы отбасының балалары А. Рамазанова мен Б. Рамазановқа кеңсе тауарларын сатып алуға демеушілік көмек көрсетті. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер С. Сагадеева көп балалы отбасының балаларына Жолтобаровтар мен Баялиндарға кеңсе құралдары түрінде (дәптерлер, қаламдар, қарындаштар, акварель және т. б.).демеушілік көмек көрсетті. Әлеуметтік педагог ата-аналармен мектеп асханасында тегін ыстық тамақпен тамақтану үшін құжаттарды жинау және ресімдеу бойынша жұмыс жүргізді. Мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары, оқушылардың ата-аналары өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға материалдық қолдау көрсетіп, балаға мектепке жол табуға көмектесті.

Просмотров: 327


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст