Қазанның 31 жұлдызында "Зеренді ауданы Өркен ЖОББМ" КММ-сінде аудандық дәрежеде Балалар шығармашылық үйінің аудандық дебат қозғалысының жетекшілері: Нұршәріп Сәндігүл, Гаухар Барамбаевна оқу ісінің меңгерушілері мен аға тәлімгерлерге арналған мастер класс өткізді. Теориялық кезеңнен кейін қатысушылар арасында турнир өтті. Мақсаты: дебат туралы түсінік қалыптастырып, ойын барысын, реттілігін түсіндіру болды.
Ержан Зейнетұлы өзінің белсенділігін танытып орыс тобына мастер класс өткізіп, аудандық дебат қозғалысына өзіндік септігін тигізді. Сауле Аскерқызы мен Нұрсұлу Жангелдіқызы ұйымдастыру жұмыстарымен қатар ойындарға төрешілік етті.
Қатысушыларға барлығы ұнағаны соншалық аудандық дәрежеде мұғалімдер арасында дебаттық турнир өткізу керек делінген ұсыныс жасалды.