«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Түлектердің кездесу кеші

07.02.2018

Түлектердің кездесу кеші - біздің мектепте көптеген жылдар бойы келе жатқан жақсы дәстүр болып табылады. Дәстүр бойынша, «10 жыл өткен соң кездесу кеші» ақпанның бірінші сенбісінде өтеді. міне 2018 жылдың 3 ақпанында Айдабол орта мектебі өздерінің түлектерімен кездесті.

Түлектерді тіркеу кіре берісте ұйымдастырылды. Мерекелік концерттің басталуы 17.00-ге жоспарланған болатын, бірақ оған дейін көп уақыт бұрын көрмеген мұғалімдері мен сыныптастарын көргісі келген түлектер бір-біріне  жақындаса бастады.

Тіркеуден кейін қонақтар акт залына барды. Бәрі отырғаннан кейін, түлектердің салтанатты кездесу кеші басталды.

Биылғы жылдың түлектері 2008 жылғы түлектер. Барлық қатысушыларды іс-шараның жүргізушілері,

10 сынып оқушылары Қасымова Эльмира және Нұрланова Салтанат қарсы алды. «Түлектердің кездесу кеші» Әли Максат пен Шуматова Зиля, Жармау Медет және Жоямергенова Дарина орындаған вальспен басталды. 9 және 11

сыныптар экрандағы әннің әуенімен мектеп өмірінен алынған суреттерден презентация дайындады.

8, 9 сыныптың қыздары би нөмірлерімен өнер көрсетті. Аға тәлімгер Дятлов Б.В. мереке қонақтарына мектеп жылдарын еске алу үшін қызықты ойындар өткізуді ұсынды. Түлектерді мектеп директоры Б.А. Байконурова қарсы алды. Ол өздерінің туған мектебін ұмытпағандары үшін алғыс айтты, жағымды кеш және жақсы естеліктер тіледі.

Педагогикалық еңбек ардагерлерін де қарсы алды. Мектепке деген ностальгия балалық шақпен, мұғалімдермен,

сыныптастарымен, достарымен кездескісі келгендердің барлығын жинады. Мектеп терезелерінің  ар жағында ауа температурасы төмен болса да, түлектерді мектепке, мұғалімдерге деген махаббаттары қыздыра бастады. Біздің мектептің бұрынғы тәрбиеленушілері мектептің дәліздерінде жүріп, мектеп мұражайына барып, өздерінің сыныптарына кіріп, парталарына отырып, мұғалімдерімен әңгімелесті. Сезімнің көптігінен біреулер қуанып , біреулер көзіне жас алды.

Ең бастысы - бей-жай адамдар болған жоқ. Өйткені, көптеген адамдар үшін мектеп тәуелсіз өмірдің бастауы болды. Түлектердің арасында әр түрлі мамандық иелері болды: бухгалтерлер, медицина қызметкерлері, менеджерлер.

Барлығы керемет ең бастысы, жылы, достық атмосферада өтті. «Сары гитара иірімі» өз жұмысын аяқтады, түлектер мектептің дәліздері мен кабинеттерінде қыдырып жүріп, әрқайсысының жүрегінде ұмытылмас із қалдырған шақтарын еске алды ...

Просмотров: 631


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст