«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Латын графикасындағы қазақ тілі

29.01.2018

Бұл ұлттық мәселе бүгін ғана қозғалып отырған жоқ. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан

мемлекеттің  жаңа  саяси бағыты» атты

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы  Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: 

«Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек» - деген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «...қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз

бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттілігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге, Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» ҚР Президенті Н.Назарбаев. Ағымдағы айдың 26 жұлдызында Елбасымыз осы пікірлердің жиылуына серпін берді. Өйткені осы күні Елбасымыздың № 569 жарлығы бойынша 2025 жылы Қазақстан түгелдей қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшуі тиіс деген жарлығы шығып, бекітілді.

Біз мұны «Қазақстан – 2050» Стратегиясының басты мақсаттарына қол жеткізудің және әлемдегі ең дамыған 30

елдің қатарына кірудің бірден-бір мүмкіндігі деп танимыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың соңына дейін латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеуді ұсынып, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырды. 2018жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Осы ретте Зеренді ауданы Тілдерді дамыту орталығы тіл мұғалімдері, іс жүргізушілер  және кәсіпкерлермен аудандық конференция ұйымдастырды. Жиналыс барысында латын қарпіне көшу тиімділіктері мен кемшіліктері туралы айтылды. Менде осы жиналыстың қатысушысы болдым. Менің ойымша бұл латын қарпіне көшу емес оралу. Тарихқа көз жүгіртсек, 1929-1940 жылдар аралығында латын қарпі қолданыста болған, ал 1992-1993 жылдарда Әзірбайджан, Өзбекстан, Түркменстан сынды экономикасы, әл-ауқаты дамыған

мемлекеттері осы күні латын қарпінде. Бұл дамыған мемлекеттердің қатарына кірудің тағы бір жолы. Ұлы ғұлама жазушы, ағартушыларымыз өз замандарында осы латын қарпін қолданған.

Тағы бір ескеретін жай – латын әліпбиіне өтсек, барлық мәселе шешіледі деп арқаны кеңге салуға да болмайды. Латын әліпбиіндегі британдық ағылшындар өз тілдерінің америка, европа құрлықтарында әр жерде әртүрлі айтылып кетпеуіне, немістер мен еврейлер жер-жерден келген қандастарнының тілді бұзбай дұрыс меңгеруіне, француздар өз тіліне ағылшын кірме сөздерінің көп еніп кетуіне басқа елдерде алаңдаушылық білдіріп, үнемі назарда ұстап, тілін дамыту шараларын жүргізіп, тіпті «тіл полициясын» да осы іске қосып отыр, Сондықтан бізде тілімізге бұрынғыдан да жауапкершілікпен қарап, Елбасы айтқанда, «қазақ қазақпен қазақша сөйлеуі керек». Тіл сөйлеген үстіне сөйлей

берсең шыңдалып, айналадағы басқаларғада әсер ете түседі.

 

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст