«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Lesson Study- әрекетті зерттеу жұмысы барысы туралы рефлексивті есебі

20.01.2020

Lesson Study- әрекетті зерттеу жұмысы барысы туралы рефлексивті есебі

Lesson Study іс –әрекетін  зерттеу жұмыстарын жоспарлап,ұйымдастыратын   Достанбеков К.У ( тарих пәнінің мұғалімі),  Хабди Д ( бастауыш сынып мұғалімі), Тлеубаева А.Б. ( бастауыш сынып мұғалімі), Махатова З.Д (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі), Габбасова А.А.(математика пәнінің мұғалімі) сияқты мұғалімдерден топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Сабақ үрдісінде диалогтік оқытудың тиімділігі»  тақырыбы бойынша  1 «А» сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық.

Lesson Study тобында жұмыс жасайтын мұғалімдер болып «Сауат ашу пәнінен» сабақтың тақырыптарын анықтадық, сабақтың тақырыптарын анықтап болғаннан кейін бірінші сабақ жоспары құрылды, сабақ жоспарын құру барысында сыни тұрғысынан ойлауға арналған, өмірмен байланысы бар тапсырмаларды қарастыру ұсынысы жасалынды, осы ұсыныстар  ескерілді.Сондықтан  осы сыныпта диалогтік оқытуды басты назарға алғандағы  мақсатымыз - диалогтік оқыту арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік  атмосфера тудыру болды. Біздің ойымызша  диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту және білім сапасын көтеру болатын.

Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою арқылы белсенділіктерін оятып, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда сындарлы оқыту бағдарламасында бұл оқыту түрін тиімді әдіс деп шештік.

Диалогтік оқытуды жүзеге асыру бағытында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, зерттеу сабақтарының кестесі жоспарланды.

Lesson Study тобы зерттеудің басты мақсаты мен міндеттерін анықтап алғаннан соң әр пән мұғаліміне негізгі нысандарды анықтау міндеттелді.

Осы сыныптағы зерттелетін  үш оқушы анықталынып алынды.
1. А оқушысы – үлгерімі жақсы оқушы.
2. В оқушы  – үлгерімі екпінді оқушы.
3. С  – үлгерімі төмен оқушы.

Үш  сабақты қорытылай келе біздің топ мынадай ойға келді. Қойылған мақсатымызға әлі толық жете алмадық. Себебі бұл балаларды әрі қарай бақылау үшін тағы да бірнеше зерттеу сабағын өткізу керек. Үш зерттеу сабағы жеткіліксіз екенін түсіндік. Әр зерттеу сабақ барысында өз жетістіктерімізбен кемшіліктерімізге назар аударып отырдық. Жіберілген кемшіліктерімізді келесі сабақтарда болдырмауға тырыстық. Бақылауға алынған оқушылардың әр іс-әрекеттері қадағаланып, зерттеушілер алдындағы бақылау парағына белгілеп отырды.

Осы құрылған Lesson study тобымызбен ақылдаса келе, әрі қарай бұл сыныппен өз мақсатымызға жету үшін, жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз деп шештік.

 

 

 

Просмотров: 696


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст