«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Халықтың ең құнды қазынасы ол - оның тілі, жазатын, сөйлейтін, ойланатын өзінің туған тілі» Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған онкүндіктің сараптамасы.

22.09.2017

Адамзат жаратылысының ең бағалы қазынасы ол –тіл. Ол қарым-қатынас жасаудағы маңызды құрал, соның көмегімен адамның ойы қалыптасып, жекізіледі. Мектептердің ең маңызды міндеттерінің бірі тілді қастерлеу және оған құрметпен қарау. ҚР-дағы «Қазақстан Республикасындағытілдер туралы» заңнаманы жүзеге асыру мақсатында, біздің мектепте мемлекеттік тілді меңгеру мен дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда және басқа да халықаралық тілдерді үйрену мақсатында көптеген міндеттер атқарылуда.

 Рухани бірлік идеясын тарату мен қалыптастыру, халықаралық бірлік пен тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік және

туған тілдерін меңгеру, жетілдіру мақсатында қажетті жағдайларды жасау арқылы әртүрлі халықтардың салт пен дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін арттыру мақсатында; әртүрлі тілдерге деген шынай құрметтерін қалыптастыру, әртүрлі тілдерде қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін машықтандыру; тілді таңдауда әлеуметтік және тәрбиелік  мотивтер арқылы тілді меңгерту үшін жыл сайын біздің мектепте Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай  әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізіледі. Жаңа оқу жылын Тілдер онкүндігінен бастау дәстүрге айналды.

Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған онкүн-дік жоспары «Айдабол ОМ» КММ-сінде қыркүйектің басында құрылды.  Мектеп әкімшілігінің бақылауымен іс-шаралардың алуан түрлілігімен, оқушылардың әр буының қамтылуы және балаларға қызықты, әрі танымдық бағытта өткізілуіне баса назар аударылды.

  

Жеке тұлғалық қалыптасудағы ең негізгі міндеттің бірі – үш тілді білу әрбір қазақстандықтың міндеті екендігі ҚР-сы президентінің жолдауында атап өтілген.

  Қазақстанның жаңа ұрпақ өкілдері үш тілді білу керек, қазақ тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлей алу керек,  Қазақстан Республикасының тілдер саясатын, тілдерді қолдану мен дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 11қыркүйекте салтанатты саптүзеу-де Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесінің онкүндігінің ашылуы жария-ланды.Саптүзеу ҚР-ның әнұраның орындаудан басталды.Содан кейін 8-9 сынып оқушылары мереке тарихын, көпұлтты Қазақстан мемлекетіндегі тілдердің мәні туралы үш тілде айтты. 

12 қыркүйекте Қазақстан халықтарының тілдер  мерекесіне орай файе безендірілді.

   Көрменің негізгі мақсаты - Қазақстан халықтарының тілдер  мерекесі туралы білімдерін толықтыру, халықтар достығына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Көрме материалдарын онкүндіктің өтілу барысында ұстаздар, оқушылар, сынып жетекшілер қолданды. .

   Онкүндіктің өтілу барысында тіл мамандарының ұйымдастыруымен тамаша сыныптан тыс іс-шаралар әзірленді.  Сондай іс-шаралардың бірі Мухамеджанова Г.Б.-ның жетекшілігімен өткізілді.

19.09.2017  күні тілдер мерекесінің он күндігіне орай ағылшын тілі пәнінен сыныптан тыс іс шара өткіздім. Бағдарлама барысында 5-9 "А" сынып оқушылары қатысты. Іс шара үш тілді жаңғырту мақсаты бойынша өтті. Іс шара үш топ өзара бәсеге түсті. Олар "Eagle", "Space", "Star".  "Space" тобы 1 орын, "Eagle" тобы 2 орын,

"Star" тобы 3 орынға ие болды. Бағдарламаны 9 сынып оқушылары қазақ биімен ашты. Жарыс өте қызықты өтті. Ең басты қойған мақсатыма жеттім. Оқушылар барлық тапсырмаларды аса қызығушы-лықпен орындады.

9 сыныпта ағылшын тілінен сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

«The Polyglot»тақырыбында Литвиненко И.П.-ның жетекшілігімен 2 топтың арасындағы сайыс сабақ түрінде өткізілді. Бұл топта жұмыс істеу қабілет-терін дамытуға үлес қосты.

  Іс-шараның мақсаты: тілдерді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері:

  Білімділік: өтілген оқу материалын дәстүрлі емес сабақ түрінде ойындар мен сайыстар көмегімен қайталау, Қазақстан Республикасындағы тілдер мерекесі туралы білімдерін толықтыру.   

 

Дамытушылық: үш тілде сөйлеу алу қабілеттерін жетілдіру (қазақ, орыс, ағылшын), оқушылардың тілдік қызметтерін талаптарға сай қолдануды үйрету. Дамытушылық – оқушылардың ауызша сөйлеу тілдерін, қабілеттерін, есте сақтау қабілеттері арттыру.

  Тәрбиелік: (22 қыркүйек) Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі тарихымен таныстыру және әрбір ұлттың өміріндегі атқарар рөлін ұғындыру, топта жұмыс істей алу мәдениеттерін арттыру, достыққа тәрбиелеу.

   Іс-шараның аяқталысымен қорытынды жасалынды. Сабақ барысында оқушылармен жұмыс жасауда ұжымдық, топтық әдістер мен тәсілдер қолданылды. Бұл әдіс-тәсілдердің үйлесуі тілдік білімдерін дамыту үшін және алдын ала өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін тексеруде жасырын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. 

     «Тілім - менің тірегім» тақырыбында Махатова З.Д.-ның жетекшілігімен өткізілген іс-шарада өте қызықты деңгейде

өтті.

Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.

Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- ана тіліне деген құштарлықты арттыру;

- ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: оқулық,  қатты қағаздан жасалған  «Ғұламалар», «Қазына» атты екі үлкен қақпа.


  Педагогтардың пікірінше, аталған сыныптан тыс іс-шара жоғары деңгейде өтті, себебі іс-шараның өткізілу барысында жағымсыз сәттер байқалмады. Оқушылар бірі-бірімен жақсы бір құлшыныспен диалогке түсіп, топта

белсенді жұмыс жасады, жылы әрі жағымды ахуалда бірігіп жұмыс атқарды деуге болады. Іс-шараның өткізілу барысында сыныпта достық және бірлік ахуалы орын алғаны сезілді.

 Іс-шараны ұйымдастыру барысында алға қойылған мақсаттары мен міндеттері орындалды. Балалар өздерінің жасаған жұмыстарына мәз болып тарасты. 

   Танымдық деңгей жақсы деп бағаланған ашық сабақтар қатарына Достанбекова А. А., Хастарбек А.,

Аубакирова  Г. У., Чваниной Е. А., енді. Бұл сабақтардың бәрінің мақсаты бір ол – тілдерді үйренуге деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, Қазақстанда жасалған жайдайларды еске отырып басқа тілдерді дамыту қажеттілігін ұғындыру. Әр тілдің басқа тілдермен байланысқан өз тағдыры, өз тарихы бар. Тіл арқылы

адамдар бір-бірін тауып, басқа ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерімен танысады. Олар барлық ұрпақтарының өмірлік тәжірибесі мен мәдениеті туралы білімдерін тіл арқылы жеткізеді.

 Оқушылардың әртүрлі халықтардың өмірі мен салты туралы танымдық қабілеттерін артыру мақсатында пән мұғалімдері және сынып жетекшілер, сабақта және сынып сағаттарында бесминуттықтар өткізді. 

 «Мемлекеттiк тiл — қазақ тiлi»  тақырыбында өткізілген шығармалар сайысы мемлекеттік тілді қаншалықты жақсы

меңгергендіктерін ашып көрсетті. Яндуткина К., Аманжолова А.-ның шығармалары мақтау қағаздарымен марапатталды. Тілдерге деген құрметті арттыруға бағытталған осындай іс-шаралар көпұлтты Қазақстан Республикасыныңхалқының бірлігін нығайтады. Онкүндік дәстүр бойынша нәтижелерді жариялау мен оқушыларды марапаттаумен аяқталды.



Просмотров: 592


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст