«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ЭКСПО-2017» көрме әсері

14.08.2017

Жуырда  Айдабол орта мектебінің   бір   топ  оқушылары   Астанаға  барып, «ЭКСПО-2017» көрмесіне  барып   қайттық.  Қасымдағы    достарыммен  Астананы   тамашаладық, зәулім  ғимараттарды көрдік, әдемі безендірілген   көше бойымен   жүрдік, тарихи  ескерткіштермен таныстық.            

               «ЭКСПО-2017»  көрмесі  Тәуелсіз  Қазақстанның  ең көлемді  жобасы. Көрменің басты  мақсаты- адамдарды  энергия тұтынуды жоспарлап  бақылай білуге

үйрету,оларды   жауаптылыққа шақыру,  білімін қалыптастыру, сонымен қатар  шетелдіқ қонақтарды қазақстандықтардың көпұлттық  мәдениетімен,  ежелгі тарихымен,  өнерімен, дәстүрлерімен, қонақжайлылығымен 

таныстыру.Қазіргі  адамзатты  алаңдатып отырған мәселе- энергия  тұтыну проблемасы, оның  табиғатқа

келетін  зиянын  барша азайтып,   алдағы уақытта   қуат көздерін тұтынуды  жоспарлау көзделуде.Болашақта  Қазақстан үшін жаңғырмалы  энергияның маңызы  өте зор болмақ.Соңғы  зерттеулер Қазақстанның   жел  әлеуеті  

өте жоғары  екендігін  көрсетті. Ол жылына  920  миллиард киловатт-сағат  деп бағаланып отыр.Сондай-ақ,өз  еліміздегі  басқа табиғи  қуат  көздерінен де жоғары тұр.Салыстыруға келсек, Қазақстандағы күн энергиясы  жылына  2,5 миллиард киловатт –сағат , ал гидроэнергетика  саласы жылына 30 миллиард киловатт-сағат энергия  өндіре алады  деп ғалымдар айтқан екен. Көрме барысында осындай мәліметтермен таныстық.

            Сонымен қатар көрмеге  қатысқан   барлық мемлекеттердің    өздерінің  таңдаулы технологиялық,  ғылыми  және  мәдени   жетістіктерін   тамашаладық. Әсіресе,  бізге  Россия,  Корея,  Қытай, Жапония,  Болгария елдерінің   көрмелері қатты әсер етті.

            Бір күндік  экскурсия  жақсы ұйымдастырылды: біз үлкен автобуспен бардық,  тегін тамақтанып, көп  әсер 

алып, бір серігіп қалдық.  Бұл үлкен  ағалардың бізге,  жасөспірімдерге,   деген  қамқорлығы деп білдік.

Просмотров: 395


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст