2017 жылының 31.05 - 4.06. аралығында біздің мектебіміздің оқушылары аудандық ОДЖ-на белсене қатысты. Бұл шара мемлекетіміздің нормативтік актілеріне сай ұйымдастырылды. Негізгі мақсаттары және міндеттері жастарды әскери
қызметіне дайындау, оларда жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекетіміздің қауіпсіздігі туралы бірегей түсініктерін қалыптастыру болып табылады. ОДЖ бағдарламасы оқушылардың қажетті білімдерін және дағдыларын қалыптастыруға, отансүйгіштік, достық, ынтымақтастық қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді. Аталған шараның барысында оқушылар өзара, тәлімгерлермен, әскери комиссариат қызметкерлерімен қарым-қатынаста болып
отырып, қазіргі заманның әскері туралы көп мәліметтер алды. Бір сөзбен айтқанда, жастарға АӘД бойынша өз білімдерін іс жүзінде қолдану үшін мүмкіндік болды. Оныншы сынып оқушылары өз міндеттерін атқара білді. Ал, 10 «б» сынып оқушысы Покидов В. атқыштар арасында үшінші орынға ие болды. Келесі осындай шараларға қатысушыларға сәттілік тілейміз!