«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Азаматық борышымыз туралы

18.04.2017

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде қызмет ету – оның әр  азаматының міндеті. Бұл – бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде әскери қызметшілерге білдірген халықтың сенімі.   

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір егемен елдің, оның  ішінде  Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел

Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деп көрсетеді:

«Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз–аумақтың тұтастығын  толық сақтай  отырып,  Қазақстанның тәуелсіз егемен  мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету».   

Елдің қорғаныс    қабілетін     қамтамасыз ету –  бүкілхалықтық   іс, сондықтан қазақстандықтарға  

жаңа    мұраттар   негізінде білім  мен  тәрбие беру міндет. Олар қазақстандық

патриотизм, көп ұлтты Отанына деген   сүйіспеншілік,   еліміздің қауіпсіздігі мен гүлденуіне деген жеке жауапкершілікті сезіну.    

Қазіргі уақытта, армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтануына байланысты жас   жауынгерлерді   оқыту мен  тәрбиелеу  міндеті едәуір күрделенді. Қысқа мерзімде қазіргі  қаруды меңгеру,  өзіңнің 

Отаныңның  лайықты қорғаушысы  болу - күрделі іс;   сондықтан әрбір  жасөспірім  мектеп қабырғасынан   бастап   өзін әскери   қызметке дайындауға,  өз Отаны  

ҚР  мен  оның халқы алдындағы  азаматтық жауапкершілігін  кәміл  ұғынуға тиіс. 

Орта оқу орындарында «Алғашқы әскери дайындық»  курсын меңгеру   жастарға   ҚР ҚК-нің қатарында қызмет етуге дайындалуына көмектеседі.     

Оқушылардың алғашқы әскери даярлығы мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

-      оқушылардың ҚР Конституциясының ережелерін, мемлекет қорғанысының

негіздерін білу;

-      ҚР ҚК-нің тағайындалуын, олардың сипаты мен ерекшеліктерін,

әскери қызметтің мәнін, әскери анттың, ҚР ҚК 

Жарғыларының негізгі талаптарын түсіну;

-      әскери бөлімдердің қару-жарағымен және әскери

техникасымен, жеке құрамның орналасуымен, өмірімен танысу;

-      қажетті әскери білім мен практикалық дағдылар алу;

-      төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекеті

қауіпсіздігінің негіздерін меңгеру.     

Аталған мақсаттарымыздың маңыздылығы бүгінгі күннің көптеген оқиғалары арқылы дәлелденіп отыр. Болашаққа талпынып, білікті, іскер, өзі-өзіне сенімді ұрпақ тәрбиелеуміз керек. Сондықтан, еліміз үшін адал қызмет жасау – әр

қазақстандықтың азаматтық борышы.

Просмотров: 366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст