«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адамгершіліктің таза бұлағы»

11.02.2020

      Адамгершілік - адам бойындағы бір құндылық, асыл қасиет. Адамгершілік –адамшылық қаталдықпен салыстырғанда жақсылық тілеу қарым-қатынастары.Адамгершілік халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әр түрлі мағына жақтары сол ұғымнан таралады.Адамның адамгершілігі тек қана бір қасиетпен шектелмейді,оның типтері бірнеше қасиет түрлері жатады.

      Қазіргі таңда адамгершілік өзекті мәселелердің бірі. Көбі оның не екенін біле бермейді. Егер адамда бұл жақсы қасиет болмаса, ол адам өз-өзін сыйлаудан да қалады. Бүгінгі таңдағы мақсат, жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. Егерде бұл мақсат орындалмаса, ары қарай болжауы да қиын ғой?! Адамгершілік әрбір адамның бойында болуы керек деп ойлаймын. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата – ана үлгісі» деп Ы. Алтынсарин атамыз айтқан. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде жиі сынға алынады. Адамның іс – әрекеттеріне қарап, бақылап қандай екенін түсінуге болады. Адамгершілігі мол адам ешқашанда жаман жолға түспейді. Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы дос, жақсы ұстаздан болады. Біз ағып жатқан кіршіксіз таза бұлақ сияқтымыз, ал бұл бұлақтың таза немесе лас болуы бойымыздағы қасиеттерге байланысты.

Айдабол орта мектебінің

9 «А» сынып оқушысы

Тлеукенова Меруерт

 

 

Просмотров: 508


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст