Трамвай, троллейбус, автобусты арнайы бөлінген алаңда күту керек. Автобус, троллейбус, трамвай және басқа да көлікке олар толық тоқтағаннан кейін ғана отыруға болады.
Бірінші болуға ұмтылмаңыз. Алдымен шығатын адамдарды жіберіп ал.
Ешбір жағдайда да көлік құралдарына жүру кезінде секіруге, артына жармасуға болмайды. Көліктердің шығыңқы аяқтарында тұру өте қауіпті.
Қозғалыс кезінде салонда жүруге болмайды.
Жақын аялдамада шығатын жолаушы алдын ала есікке жақындап өтуі тиіс.
Есіктердің алдына тұруға болмайды, өйткені қозғалыс кезінде олар өздігінен ашыла алады және адам жүріс бөлігіне түсіп кетуі мүмкін.
Салонда шулауға, қатты сөйлеуге тыйым салынады. Шу жолаушыларға жағымсыз екенін және жүргізушінің жұмысынан алаңдататынын есте сақтау керек.
Қозғалыс кезінде жүргізушімен сөйлесуге тыйым салынады.
Терезеден басынды шығаруға болмайды – сізді қозғалыстағы көліктер қағып кетуі мүмкін.
Тез тұтанатын сұйықтықтарды, өткір жағымсыз иісі бар заттарды, жарылыс қаупі бар заттарды, шаншу және кесетін құралдарды арнайы ораусыз тасымалдауға тыйым салынады. Көлік доңғалағының астына түспеу үшін сақ болу керек. Бұл ережелерді сақтау өте маңызды, өйткені сенің қауіпсіздігің өз қолыңда.