«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№3 педкеңестің шешімдерін орындау туралы

01.04.2020

Алдыңғы педкеңестің шешімдері мен ұсыныстарының негізінде сабақты зерттеу бойынша топтарда жұмыс белсендірілді. Бұл тұрғыда А. О. Мұқушева, К. Б. Олжанова, мектеп координаторы Р. А. Жүсіпованың жұмысын атап өткім келеді. Орта буында жұмыс істейтін педагогтердің зерттеу сабақтарын өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Педагогтардың кәсіби желілік қауымдастығының жұмысы жанданды (мектеп сайтындағы жарияланымдар, вацап-топтар, виртуалды кітапхананың жұмысы, коучинг, менторингтер, жұптар мен шағын топтарда жұмыс). Сынып жетекшілері оқушылармен және олардың ата-аналарымен өзара қарым-қатынас жүйесін үнемі жақсартып отырады. Бұл бағытта бастауыш буын мұғалімдерінің жұмысы тұрақты болып табылады. Сынып жетекшілерінің ӘБ жұмысы бойынша барлық құжаттаманы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Е. А. Чванина өз мойнына алды. Ата-аналар жиналыстарын өткізу ескі тәжірибесінен бас тарту жақсы байқалады. Диалогтық алаңдар, сауалнама, сұхбат, рөлдік ойындар, тренингтер, презентациялар және бірлескен шығармашылық істер мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың өзара әрекеттесуінің эмоциялық аясын едәуір жақсартады. Педагогтердің жұмысының жақсы көрсеткіші рефлексивті практика (әңгімелесу, сауалнама, эссе) болып табылады. Осылайша, алдыңғы педкеңестің ұсыныстары мен шешімдері өз бөлігінде орындалды деп айтуға болады.

Мектеп директоры Байконурова Б. А.

Просмотров: 759

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст