Ақпанның 28 - ші жұлдызында "Айдабол орта мектебінде" 2-10 "А" сынып оқушыларының қатысуымен ертегілік қойылым өтті.
Мақсатымыз – көрермендерге ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық әдеби қазына. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағытталады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да
қасиеттер дарытады. Осы позицияны берік ұстана отырып, оқушылармен бірлесе осы қойылымды
өткізуге бел будық. Оқушыларда өзіндерінің актерлік қабілеттерін көрсете білді. Ертегілік қойылымымыз 30минуттай
болды, бірақ, алдында айтып кеткендей ең басты мақсат көрермендерге ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Осы мақсатты берік ұстана 1 жұма ішінде 3 дайындық жасап, ертегімізді қойып шықтық. Осы ұсынысымды қабыл алып, мені қолдаған оқушыларыма атап айтқанда, Жоямергенова Дарина, Достанбекова Назира, Достанбекова Дариға, Нагметуллаев Дамир, Карабаева Айдана, Зікірия Әмір, Тлеукенова Меруерт, Тасбулатова Жанна, Сагадиева Данель, Нургалиев Даниал, Қасым Шамиль, Қабділмалік Азат, Тлеукенов Серик, Нургалиев Дамир және осы қойылымда өздерінің жұмысын мүлтіксіз орындаған дыбыстық режиссер рөлін атқарған Шуматова Зиля, Тлеукенова Альбинаға алғысым шексіз. Осы оқушылардың ата - аналарына ерекше
алғысымды білдіргім келеді. Өйткені тәрбиенің бастауы -отбасында. Осындай жалынды, талантты, оқуда алғыр, әрқашан қолдау көрсететін оқушыларымның барына қуаныштымын!
Айдабол орта мектебі
Мухамеджанова Гаухар Барамбаевна
Ағылшын тілі мұғалімі