Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше.
Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы.
Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.
Қарашаның 19 күні бекітілген жоспар бойынша Айдабол орта мектебінде «Оқы, ойлан,біліміңді қолдан» тақырыбымен гуманитарлық бағыттағы пәндер олимпиадасы өтті. Қазақ тілі, орыс тілі,ағылшын тілі, тарих пәндері бойынша олимпиадалық тест тапсырмалары гуманитарлық әдістеме бірлестігінің 2-қараша күні откен отырысында қаралып бекітілген. Пән олимпиадасына 2-11 сынып оқушылары қатысты. Эпидемияға байланысты қатаң санитарлық талапты сақтап, әр пән мұғалімі іріктеп алынған оқушыларға дайындаған тапсырмаларды үлестірді.
Логикалық тапсырмалар,күрделенген олимпиадалық сұрақтар бала дарынының өсуіне,логикалық артуына үлкен септігін тигізіп, оқушыны мұқияттылықпен еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар оқушыларды ғылым жолына түсуіне көмек жасап,елдің болашақ ғылыми базасын қалыптастыруға тың үлес қосады .Олимпиадалық тапсырмалар оқушыларға дұрыс ғылыми көзқарас қалыптастыруға бағыт сілтеп,ғылымға деген құштарлығын арттырады
Келесі күні оқушылардың жауаптары тексеріліп, жоғары балл алып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар грамоталармен мараппатталды. . Пән олимпиадаларын дамытудың елдің дамуымен нағыз мәңгілік елге айналуына қосатын үлесі аса зор,оны ғылыми сараптамадан өткізіп дамыту –кезек күттірмейтін маңызды шаруалардың бірі екенін уақыт өзі көрсетіп отыр.
Гуманитарлық әдістеме
бірлестігінің жетекшісі
Аубакирова Г.У.